Елімізде нан мен ет бағасы қымбаттайды

Oinet.kz 14-10-2019 1183

Картинки по запросу нан  мен ет

Қазақстанда Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша әсер еткен. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызға дейін баяулады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты Инфляция таргеттелген 4-6 пайыздық дәлізінен асқан жоқ. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызға дейін баяулады. Алдыңға айда ол 5,5 пайыз болған еді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша әсер еткенін атап өту керек. 2017 жылдың басынан бері ол ең жоғарғы 9,1 пайыздық деңгейге жетті. Ет бағасы - 13,5 пайызға, нан, тоқаш өнімдері мен жарма - 12,7 пайызға өсті. Олардың инфляциялық үлесі – 1 пайыз. Бұл тауарлар әлемдік баға мен экспорт көлемінің өсуі аясында қымбаттады», - деді Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, азық-түлікке жатпайтын ақылы қызметтер бағасы инфляцияны тежеуге ықпал етуде. 

«Азық-түлікке жатпайтын ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі 5,4 пайыз болды. Бұл 2015 жылғы қазаннан бері минимум болып отыр», - деді ол. 

Ерболат Досаевтың сөзіне сенсек, жыл қорытындысы бойынша инфляция белгіленген дәлізде қалады. 

«Инфляция 5,7-5,8 пайыздық деңгейде қалыптасады», - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы енді кредит кімдерге берілмейтінін айтты
12 дүркін әлем чемпионы басқарма басшысы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу