«Қайрат» Исламхансыз болгариялық клубтан 6:0 есебімен ұтылды
Түркияда өтіп жатқан екінші ойын-жаттығу жиыныда алматылық "Қайрат" болгариялық "Лудогорец" клубынан ойсырай жеңілді, Oinet.kz порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.
Алматылық ұжымның бас бапкері Алексей Шпилевский матчтың алғашқы минутынан негізгі құрамда Устименко, Миканович, Дугалич, Әліп, Кейлер, Нұрмұхамед, Астанов, Әбікен, Алиқұлов, Айымбетов, Эсеола бастаған 11 футболшыны шығарды.
Ойын «Лудогорецтің» шабуылымен басталып, Устименко қорғаған қақпаның кілті небәрі екінші минутта ашылды. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін тәжірбиелі болгариялық клуб осыдан кейін Қазақстанның вице-чемпиондары қақпасына жауапсыз бес гол соқты.
Ал Бауыржан Исламхансыз "Қайрат" «Лудогорец» қақпасына доп дарыта алған жоқ.
Алматылық клуб қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, ойындағы есепті қысқартудың сәті түспеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.
Футболшы онда екі жолдастық кездесуге қатысып, қол голдық пастың иегері атанған.
Ресейлік клубтың алғашқы оқу-жаттығуы аяқталған соң, Исламхан Алматы қаласына ұшып кетті.
Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак, қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген.
Кеше, "Зенит" клубы Бауыржан Исламханға қатысты шешім шығарды.