«18-ші жеңісі» Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласын нокаутқа жіберді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегінде айқын басымдылықпен қарсыласын жеңді деп хабарлайды Sports.kz басылымына сілтеме жасаған Oinet.kz.
Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласында "Montreal Casino аренасында" өтті.
"Рики" лақап атпен танылған мексикалық Рикардо Лараға қарсы шыққан Батыр Жүкембаев бірінші раудтан-ақ белсенділік танытты.
Отандық боксшы екінші раундта оппонентін ауыр соққының астына алып, екі рет нокдаунға түсірді.
Осыдан кейін мексикалық спортшының өкілдері айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы он сегізінші кездесуінде жеңіспен аяқтады.
Жүкембаевтың кәсіби мансабындағы 18-ші жеңісі.
Осыған дейін қазақстандық спортшы Instagram желісіндегі парақшасында осы кездесуге қатысты пікір білдірген.
"Ассалаумағалейкум қазағым! 25 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде өзіме тиесілі IBF Inter-Continental және WBC Continental чемпиондық белбеулерін қорғаймын! Бұл 2020 жылғы мен үшін алғашқы үлкен сынақ! Алла бұйыртса жеңіс үшін бар күшті саламыз! Алға Қазақстан! Қолдауларыңыз үшін рақмет!" - деп жазды ол.