Бір өмір: әкесі мен қызы
1 жасқа жетпей:
Әкесі (Ә): Қандай сұлу! Мынау құрттай нәрсе қызым екеніне сене алмай тұрмын! Көздері де маған ұқсайды!
Қызы (Қ): Көздерін алмай қарап тұрған кісі әкем болса керек!
5 жасында:
Ә: Алтыным, арайлым менің, сұлу қызым, айта ғой, папаң бүгін не әкелсін?
Қ: Папамды өте жақсы көремін! Ол да тек мені жақсы көрсін, үнемі қасымда болсын!
10 жасында:
Ә: Еркелеген мінезі кімге тартқан екен?
Қ: Әкетайым сағыз-кәмпит алуға ақша қосып берер ме екен?
15 жасында:
Ә: Қалай тез бойжетті! Үйге де кеш қайтатын болды. Онымен қатал сөйлесуім керек.
Қ: Әкемнің артық қамқорлығынан демім тарылады. «Мынаны істе, мынаны істеме» дегенінен шаршадым! Еркін өмірге қашан жетер екем?
20 жасында:
Ә: Айтқанды мүлдем тыңдамайтын болды. Уақыт бізді алшақтатып барады. Отырып сырласпағалы да қай заман.
Қ: Менің бір ауыз сөзімді көтере алмайды, мені еш түсінбейді. Тұрмысқа шығып, жеке отбасын құруым керек. Әлі күнге дейін кішкентай балаға теңегенінен жалықтым!
25 жасында:
Ә: Бір күні осылай боларын біліп едім. Міне, қызымды ұзатып жатырмыз. Бұрынғыдай жақын да болмай кеттік. Енді бөлек отбасы құрып, тіптен алыстап кетеді...
Қ: Тұрмысқа шығып, үйден кететініме сене алмай, қимай тұрғанын білемін.
30 жасында:
Ә: Өте сирек көрісеміз. Немерелерімді де сағынамын. Бізден гөрі достарына көп уақыт бөледі.
Қ: Әкеме бармағалы көп болды! Телефон соққанымда дауысы мұңды көрінді қайтадан. Алдымыздағы демалыс күндері кішкентай сыйлықтар алып үйге соғып кетсем жақсы болар еді...
40 жасында:
Ә: Қызым менің білімімді жеткіліксіз көреді. Ескірген заманның адамымын ол үшін. Дегенмен кішкентайында барлық үй тапсырмаларын менімен жасайтын. Түсінбегендерін мен түсіндіретінмін. Енді көмегімді керек етпейді.
Қ: Әкем күннен-күнге кішкентай бала тәрізді болып бара жатыр. Әрнәрсеге тоңқылдап, бұрқылдайды. Соңғы уақыт денсаулығы да нашарлап кеткендей. Аман болса болғаны.
45 жасында:
Ә: Қызымның бақытты екенін көру мен үшін ең үлкен бақыт! Өмірдегі мақтаныш пен абыройым – қызым!
Қ: Әкемнің денсаулығы қатты уайымдатады. Оны жоғалтып алудан қорқамын. Дәрілерін де уақытында ішпейді. Өмірін ұзақ ете гөрсін...
50 жасында:
Ә: Екі дүниенің бақытын тілеймін саған, қызым!
Қ: Әке, әкетай! Сені қатты сағынамын! Енді кім маған ақыл айтып, кім көмектеседі? Әкешім, сенсіз қалай өмір сүремін!?
55 жасында:
Қ: Сен кеткелі сені одан әрі жақсы түсінетін болдым, әкешім! Сені түсінбей көп ренжіткенімді білемін. Түсінбей қалған әрбір күнім үшін кешірім сұраймын! Қадіріңді білмегеніме қатты өкінемін!