91 тобы Кореяда жеңіске жетті

Oinet.kz 18-03-2019 1029

Screenshot_5.png

Ел тұғырын шет елде биіктетіп жүрген жұлдыздар қатары толықты. 6 актавалық әнші екенін Америкада дәлелдеген Димаш, 12 жасында ерекше дарынымен танылған Данеля жеңісі тұсында 91 тобы да қалыс қалмады.

5 жігіттен құралған топ өздерін ұқсататын Корея еліне барып, “I can see your voice” жобасында төбе көрсетті. Бағдарламада ерекшелене білген бойзбенд жеңіске жетіп, корей халқының қазіргі таңда белді топтарының бірі Mamamoo ұжымымен ән шырқау мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы “Жұлдыздар әлемі” хабарлайды.

“I can see your voice” – Кореяның топ-3 кіретін Mnet арнасында 6 маусымы көрсетіліп жатырға бағдарлама. Жобаның шарты бойынша топтың даусын естімей, қатысушыларды “талантты” әрі “талантсыз” әншілер тобына бөлу арқылы анықтайды. Бағдарлама соңында таңдалған қатысушылар өз таланттарының жоғары деңгейде екенін дәлелдеуі керек.

Астана тұрғындары "Әулие Патрик" күнін тойлап жүр
Арман Қоңырбаев: Махаббат таңдау емес, махаббат бұл тағдыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу