Бір қыздың хикаясы

Oinet.kz 10-03-2020 1338

Қала шуынан алыстағы бір ауылда жүрегі шексіз махаббатқа толы бір қыз өмір сүріп жатты. Кеш батса мектеп кітапханасынан алған махаббат жайлы романдар мен өлеңдерді түн ұзағына оқып шығатын. Әлемде шынайы махаббаттың бар екендігіне жас жүрегі риясыз сенетін. Ұлы сезімді жан жүрегімен бастан кешіруді армандады. Таңды қиялмен атырып, өмірін өткізіп жатты. Уақыт деген бір орында тұрушы ма еді?! Тоқтаусыз өтіп жатыр...

eb1be92bb41a982af5f83005244ffcd9.jpg

Балаң қыз мектепті аяқтап, қызығы мен шыжығы толы қалаға оқуға түсті. Жаңа қала, жаңа орта, жаңа адамдар... жаңа махаббат хикаясы. 

Сабақ үлгерімі жақсы, ортаға сыйлы, белсенді арудың, кенеттен, өміріне бір сері жігіт «қонаққа» келді. Мәңгілікке емес, уақытша. Бәрі ертегідей тәтті әрі керемет болып жатты. Сабақтан соң уақытты бірге өткізеді, жаңбырлы түндерде бір-біріне жылулық сыйлап армандап ұзақ жаяу жүреді. Өмірінің ерекше естеліктерін бірге өткізді. Бірақ, кенеттен, жігіт өзгеріп барлық сезімдер түгесіліп, қарым-қатынас аяқталды. Бақытты шақтар қол бұлғап ұзаққа кетіп қалды. Қыз жүрегіне үмітсіздік пен сенімсіздікті ұялатып жігіт кете барды. Әрине, бұл жерде тек жігіт қана кінәлі емес, шапалақ екі қолдан шығады. Ал, кішкентай қыздың арманы орындалды. Ұлы махаббатты жан жүрегімен сезінуді армандаған ару дегеніне жетті. Ұлы махаббаттың тәттілігімен қоса, жүрек ауыртар жан азабы бар екенін білген жоқ еді. Бірақ, өмір.... 

Ұйқысыз түндер, тұншыға жылау, үмітсіздік пен сенімсіздік қыздың өмірін өзгертіп жіберді. Жігерін құм қылған жігіт жырақты. Өмірінің мәні жоғалғандай. Баяғыша риясыз күле алмайды. Өмірді тек «ақ» түстермен ғана елестетін жүрегі мейірімге толы қыз оның «қара» тұстарымен бетпе-бет келіп отыр. Түн ұзағына жолданбайтын хаттар жазып, іштегі өкпе-ренішті шығарып алатын. Таңертең түк болмағандай қайта күліп жүре береді. Әрине, уақыт тоқтамайды. Сырғып өтіп, қыздың жүрегіндегі жарасын жазады. Жанындағы құрбылары «Уақыт емші. Әлі-ақ, күліп еске аласың бұл күндерді» деп айтып қыздың көңілін көтеретін. Расымен де, уақыт емші екенін дәлелдеді. 

Қатты күйзелістен қызды алып шыққан – намаз. Өмірінің реңі оңып кеткен қыздың жан азабын тек Аллаға деген риясыз махаббаты емдеді. Оның жүрегін «әр істің бір қайыры бар» деген тіркес қана емдей алды. Расымен де, қара жігіттің оның өміріне келіп кетуінің бір қайыры – намаз бастауы болды. Жүректегі кірді кетіріп, оны қайта құлпыртып өмірін жаңадан бастаған арудың арманы асқақ, мақсаты айқын бола білді. Бұл сезімдер жайнамазға қадам басқан, сәждеге маңдайын тигізген сәттерден бастау алды. Ал, жаңағы із-түссіз жоғалған жігіт араға біршама уақыт салып қайта оралды. Әрине, қыз оның ұсынысын қабылдамайтыны анық!

Екеу болып кетіп, үшеу болып оралған ана!
Өз-өзіне сенімділікті арттырудың амалдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу