«Магнит» адамдар қандай болады?
Егер адамдарға ұнағыңыз келсе, онда өзіңізді дамытыңыз. Кейбір адамдар өзгелерді өзіне «магнит» секілді тартып отырады. Олардың бойында қандай қасиеттер барын білесіз бе? 1. Олар адамдарға қамқорлық танытады: Оны шынайы ниетпен жасаңыз. Өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсету үшін немесе жағымпаздану үшін жасаудың қажеті шамалы. Өйткені, қайырымды адамның қайырымдылығы әркез көрініп тұрады. Ал, жасандылықты қанша жерден жасыруға тырыссаңыз да байқалады.
Ол өзінің құнын біледі: Ол өзінің қолынан ненің келетінін, ненің келмейтінін жақсы біледі. Өзінің есесін жібермейді. Уақыты келгенде оны дұрыс қолдануға тырысады.
Оның жанында адамдар өзін ыңғайлы сезінеді: Оның жанында өзіңізді жақсы сезінесіз. Ешқандай ыңғайсыздық байқалмайды. Онымен әңгімелесу барысында еркін күле аласыз, барлық жасандылықтың бәрін ұмытып, өзіңізбен-өзіңіз боласыз. Егер сізге де адамдардың тартылғанын қаласаңыз, сіз де адамдарға ыңғай тудырыңыз.
Ол негативті ойлардан қашады: Біз айналамыздағы адамдардың қылықтарын, мінезі мен дағдыларын көшіріп алуға бейімбіз. Әрқашн күліп жүретін адмның жанында өзімізді керемет сезінеміз. Олар бізге жағымды энергиясын береді.Сондықтан, әркез жағымды ойлайтын адамдардың ортасында өзгелер де өздерің бақытты сезінеді.
Ол қолдау көрсете біледі: «Магнит» адам адамдарға жақсы көңіл сыйлай біледі. Ол адамдарға сергектік сыйлау үшін сөздерді орнымен қолдана алады. Олар айналасындағы адамдарды қуанышқа бөлей алады.
Ол адамдармен жарыспайды, олармен бірге қызмет етеді: Өзгелердің дәрежесін түсіріп, өзіңіздікін көтеру үшін өсекке жолаудың қажеті жоқ. Адамдармен араласудан қорықпаңыз. Тартымда адам әрқашан жаңа қарым-қатынастан қашпайды.
Ол сезімін көрсетуден қашпайды: Ашық адам ешқашан өзінің шынайы сезімдерін көрсетуден қашпайды. Егер жылағысы келсе, жылайды. Ренжісе, айтады. Осылайша өзге адамдар да оларға өз сезімін ашық көрсетеді.
Өзінің мықты қасиеттерін көрсете біледі: Мұндай адам өзінің ойларымен, қабілетімен және ниетімен бөліседі. Ешқашан «мен тырысамын....», «мен білмеймін...» секілді тіркестерді қолданбайды. Ол өзінің мықты қабілетін біледі және оны қолдана алады.
Ол бар күшімен іске кіріседі: Тартымды адам өзінің іс әрекетіне жауапкершілікпен қарайды. Іспен айналысып жүрген адам қашанда назарға ілігеді. Ол барлығын назарына алып жүріп қана қоймай, адамдардың талғамы туралы да естен шығармайды. Бұл қасиеттердің үштен бірі бойыңыздан табылса, адамдардың сізден қашпайтынына сенімді болғайсыз.
Дереккөз: Massaget.kz