Қайрат Түнтеков тентіреп жүрген жоқ
Бұрқ-сарқ қайнап жатқан қазақ эстардасында таланатты әншілер аз емес. Соладың ішінде Қайрат Түнтековті өз басым ерекше жақсы көремін. Жерлесім болғаны үшін емес, әрине. Қайраттың даусы табиғатта сирек кездеседі. Ол жоғары, төменгі ноталарға тез ауыса алады. Мұндай дауыспен кез-келген әнді нақышына келтіріп айтуға болады. Бірақ, иә бірақ осындай алтын дауысты таланттың соңынан өсек сөздердің көбірек еретіні жанымды ауыртып жүр.
Сөйткен Қайрат, өкінішке қарай, былтыр басқа қырынан танылды. Оның Алматыда масаң күйде көлік басқарып, жол апатын жасағанын, соның салдарынан бір жәбірленушінің ауруханаға түскенін, ірі көлемде шығынға батқанын ақпарат құралдары жарыса жариялады. Қайрат келтірілген шығынды уақтысында төлемегені үшін 40 тәулік әкімшілік қамауда да отырып шықты. Бірақ ол еңсесін түсірмегені, біреуге жалынышты болып, көмек сұрамағаны айдан анық. Әріптестері жинап берген қаржыдан бас тартып, оны 10 жастағы ауру баланың шотына аударды өтінді. Мұның бәрін неге тізбектеп отырсыз дейтін шығарсыз. Менің айтпағым, қазір елдің аузында Қайрат Түнтековке қатысты түрлі әңгімелер өршіп тұр.
«Түнтеков қарызын қайтару үшін тентіреп кетіпті» деген мағынада. Жоқ, Қ.Түнтеков тентіреп жүрген жоқ. Осы жуырда ғана бір топ достарымен Шымкентте өзінің концертін берді. Концерттен түскен қаржы әлгі жол апатынан келген шығынды қайтаруға жұмсалатын көрінеді. Менің Қайратқа айтарым, қарыз да қайтарылатын шығар, бірақ сенің мойныңда бұдан үлкен міндет бар. Ол --қазақ өнерінің деңгейін жаңа белеске көтеру. Сондықтан жасыма да, тасыма да, күш-қайратыңды тек шынайы өнерге жұмса демекпін.
Айжан Әбуова,
Шымкент қаласының тұрғыны