Момын жігіттен жақсы күйеу шыға ма?

Oinet.kz 21-02-2019 1871

Жасыратыны жоқ, қазір көпшілік қыздар жігіттің қас-қабағына қараудың орнына, өзі жігітті көзімен отырғызып-тұрғызады, айтқаныммен жүреді, дегеніме көнеді деп мақтана айтады. Әйел затының ырқына жығылу – әлсіз еркектің ісі. Сонда жанында әлсіз жігіт жүргенін мақтан тұтатын болып шығады. 

9131b473de009a55e0d0644951a83ad9.jpg

Жігіт қас-қабағына қараса, қыз кезінде жақсы болуы мүмкін. Алайда шаңырақ құрған соң бұл қыздың өзіне зиянын тигізеді. Елестетіңізші, айтқаныңыздың бардығы бірдей орындала берсе, ойлаған жағыңызға қалаған уақытыңызда барып-келе берсеңіз, сіз үшін біреу алаңдап, ерте қайт деп отырмаса қызықсыз болып кетпей ме? Көпшілік қыздың ойындағы «Ол менің күйеуім емес, тұрмысқа шықпай тұрып өз еркім өзімде» деген де қате пікір. Қазірден бастап біреуге бағынышты болмасаңыз, тойдан кейін бір күнде бар қызық аяқталғандай күй кешпес үшін бой үйрете бергеніңіз өзіңізге жақсы. Зиянды әдеттерге үйір болып, тура жолдан тайып кету де күйеуінің айтқанын тыңдамайтын әйелдерден шығады. Анасының бұл жүрісін көрген қыздары да міндетті түрде оның қателігін қайталайды. 

Барлық отбасы үшін жалғыз өзіңіз шешім қабылдауыңыз керек. Жігіт-қыз боп жүрген кезден бастап «қабырғаңызбен кеңесіп», болар істі ақылдасып шешпеген соң, оның да мәселелерін шешіп беруге  кіріссеңіз, ер адам соған үйреніп алады да, өздігінен шешім қабылдай алмайтын болады. Ал шешім шығара алмайтын жігіт ақша табу, отбасын асырау деген жауапкершілікке де бас қатырмайтын болады. 

Жігіттің мінезі тік, қатал болуының ең жақсы тұсы – бала тәрбиесінде. Отбасын ұйытып, берекесін кіргізу әйел адамға байланысты болғанымен, балалары әкесінен қорықпайтын, бағынбайтын отбасыда ешқандай береке, тәрбие болмайды. Әкесі бос белбеу, жуас ұлдар білгенін жасап, қыздары да басына кетеді. Шешенің қаталдығы балаларға шыбын шаққан құрлы тимейді, айқайы айналайын болып естіледі. Анасы әкесінің бетінен алып, айтқанын тыңдамай отырса, балалары да оны қайталайды, бағынғысы келмейді. Сондықтан әр отбасында әкенің тәрбиесі, балалары оның қабағына қарап өсуі – нағыз бақытты жанұяның кепілі. 

Дереккөз: Massaget.kz

Бақытты болудың құпиясы
Қайрат Түнтеков тентіреп жүрген жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу