Өмірдің мәні неде? Шығарма
Өмір – сіз. Өмір – сіздің ішіңізде. Сіз «өмір» деп – оны қоршайтын нәрселермен шатастырып аласыз. Үйіңіз, бала-шағаңыз, отбасыңыз, жұмысыңыз, достарыңыз – бұлар қоршаған ортаңыз.
Бұлар – өмір емес. Сіздер қоршаған орта мен өмірді шатастырып аласыздар.
Сіздің мақсатыңыз бар және оған қол жеткіздіңіз. Ал одан кейін не істейтін едіңіз? Мақсатқа жетіп алдыңыз әрі қарай не істейсіз? Жай ғана өмір сүріңіз.
Өмір – тым күрделі құбылыс.
Оны он жыл бойы түсінемін, оқимын, білемін десеңіз де, біле алмайсыз. Тіпті миллион жыл зерттесеңіз де, өмірді толығымен түсіне алмайсыз.
Өмірде мән бар ма? Өмірдің керемет аспектісі – өмірде мәннің жоқтығы. Өмірде мән болудың керегі де жоқ. Сіздің миыңыз шектеулердің кесірінен ғана, өмірден мән іздейді. Себебі психологиялық тұрғыдан қарасақ, сізде мақсат не мән болмаса, сіз өмірмен байланысты сезбейсіз екен.
Адамдар үнемі жалған мақсат құрып алуға тырысады. Жаңа ғана бәрі жақсы болды, олар бақытты еді, сөйтіп олар отау құрады. Осы жерде олардың өмірінің мәні – басқа адамға ауысады.
Өмірдің мәні – баланс, үйлесімділік, жанның тыныштығы, психологиялық шектеулерден босау, еркіндік.
Өмірдің мәні – өзіңіз. Өзіңізден таба біліңіз мәнді.
Егер бірнәрсені қаласаңыз, оған 100% берілуге, қол жеткізуге тырысыңыз. Толыққанда шаттықта өмір сүру деген күн сайын қыдырып, клубқа бару деген сөз емес. толыққанды бақытты өмір сүру деген – өміріңіздің соңына дейін өзіңіз қалаған армандар мен мақсаттарға жету.
Айзат Асқарқызының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды