Жетістікке жетудің үш ережесі

Oinet.kz 21-11-2017 1753

Қоғамда іскер әйелдерді жеке өміріндегі сәтсіздіктері мен өзінің кемшіліктерінің орнын толтыру мақсатында мансап пен бизнесте жетістікке жетеді деп айтады. Алайда,  ақылды,  әдемі, өзінің құқығын жақсы білетін, отбасын құрып ана атанған, бизнес пен жеке өмірінде де бақытты  нәзік жандылар жетерлік. Осындай іскер әйелдердің бірі Оңтүстік Қазақстан облыстық  Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы,  «Асыл Арман» корпорациясының директоры, «Бизнес-әкімшілендіру магистрі» біліктілігі бойынша бизнес-бағыттау және тұлғалық өсу жөніндегі сертификатталған тренер Алма Нұралықызы жетістікке жетудің жолдарымен бөлісті.

Screenshot_3.jpg

- Қоғамда іскер әйелдердің рөлі күн санап артып келеді. Алайда, жұмыс істемей күйеуінің қолына қарап отыратын әйелдерді жиі кездестіремін. Егер күйеуі белгілі бір себептермен  табыс  көзінен айырылып қалған жағдайда уақыт өте келе әйелі күйеуіне «сен ақша таппайсың, сенің қолыңнан түк келмейді, балалар аш  жалаңаш отыр»  деп ұрыс шығара бастайды. Кейін күйеуінің де әйеліне деген агрессиясы шығады. Әйелдері күйеулерінен зорлық-зомбылық көре бастайды. Таяқ жеген әйелдердің  күйеуіне деген сезімі сөніп, іштей ыза пайда болады.Соның салдарынан жаңа құрылған отбасылардың үштен бірі жыл толмай ажырасып жатыр. Менің ойымша әйелдер қауымы ерлерден кем емес жұмыс істеу керек. Күйеуін жігерлендіріп «сен мықтысың, сенің қолыңнан барлығы келеді» деп қолдау көрсеткені абзал.  Әйел адам саясаткер болуы қажет. Кез-келген жетістікке жеткен ердің арқасында әйел тұрады. Жақсы әйел күйеуіне өмірлік серік, көмекші, кеңесші  болады. Шындығында әйел отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады,- дейді ол.

Өмірде жетістікке жету үшін Алма Архабаева мынадай кеңестер ұсынады:

- Әрине, мақсатқа жету оңай емес. Әйтпесе біздің айналамызда тек қана табысты адамдар қоршап жүрген болар еді. Біз көбінесе ішкі жан-дүниеміздегі мәселелерді жеңе алмай жатамыз, және дәл осы нәрсе өз армандарымызға жету жолында бізге кедергі болады.Алайда мен сіздермен бірнеше жетістікке жету жолындағы кеңестеріммен  бөлісемін. Біріншіден, сәтті адамдармен танысуды үйреніңіз.  Беделді «аға», «көке жәкелер» емес, жай ғана қызметінде жетістікке жеткен адамдармен дос болыңыздар. Жұмыс бабымен түрлі конференциялар, кездесулерге қатысып, қадамы сәтті атақты адамдардың қасына барып танысудан ұялмаңыз. Болашақта осы кісі сіздің қызмет жолыңызға пайдасын беруі мүмкін.  

Екіншіден, бәрімізде күніне 24 сағат уақытымыз бар. Егер сіз осы уақытты қалай пайдалануды білмесеңіз, сіздің өміріңізде ешқандай бағыт-бағдар болмайды. Олай болмаған жағдайда, жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін емес. Сіздің бүгінгі күніңіз қалай өтті, ал кешегі күніңіз ше? Егер мақсатыңызға  жету жолында әрекет етпесеңіз, қиындық өз бетімен жойылып кетпейді.  «Бір пайыз талант, тоқсан тоғыз пайыз еңбек» сізді арманыңызға жетелейтін бірден-бір жол. Үшіншіден, таңертең ерте тұруды әдетке айналдырыңыз. Ерте тұру бүкіл күннің сәтті де сергек әрі өнімді өтуіне септігін тигізеді. Жатар алдында ертең не істейсіз, қандай жоспар, мақсаттарыңыз бар, соларды жасайтын істер тізіміне енгізіңіз. Маңызды деген істі таңертең жасау керек екендігін есте сақтаңыз. Мәселен, АҚШ президенті Дональд Трамп таңертең 4-5 терде тұруды әдетке айналдырған. Оның айтуынша бизнестегі әріптестерім  ұйықтап жатқанда мен таңертеңгі газеттерді оқып, бизнесті жетілдірудің жолдарын ойланып отырамын деген.

Төртіншіден, Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.Егер сіз бүгіннен бастап әрекет етпейтін болсаңыз онда мақсатыңыздың  ешқандай да ертеңгі күні болмайды. Тек қана тамаша болашағыңыздың болғанын қалағаныңыз жеткіліксіз. Сіз сол болашақты қандай етіп көргіңіз келетінін, және сондай болашақпен бүгіннен бастап өмір сүруіңіз керектігін білгеніңіз дұрыс.Жеңіске қол жеткізе бастаудан аздаған уақыт бұрын өзіңізді жеңімпаз ретінде ұстаңыз. Жеңімпаз ретінде әрекет етуді бүгін бастамасаңыз, онда ертең жеңіске жете алмайсыз. 

Бесіншіден, әлемнің 20 елін­де өткізілген 87 зерттеудің нә­ти­желеріне сәй­­кес әйелдер бас­қа­ратын кәсіп­орын­дар ең табыс­ты болатыны анық­тал­ғ­ан. Зерт­теу­шілер бизнеспен ай­на­­лысатын әйелдер қоластындағы қыз­­м­ет­керлері, қоғам және қоршаған ор­та­­ның қамын көбірек ойлайтынын мой­ындауда. Айтқым келіп отырғаны әйелдер бизнеспен айналысуға қорықпау керек.Керісінше «стериотиптерді бұза білу керек», қоғамға өзгеріс, жаңалық  алып келуге талпынған жөн.

Алтыншыдан, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Таңертеңгі жүгіру, фитнес залдарға барып жаттығу адамды жігерлендіреді. Бойыңызға күш-қуат келіп жаңа белестерді бағындыруға ұмытыласыз. 

Жетіншіден,қиындықтан қорықпаңыз. Өмір болған соң қиындықтар  кездеседі, қиындықпен бетпе-бет келгенде депрессияға түсіп өмірдің мәнін жоғалтып алмаған жөн. Мен бес баланың анасымын. Егер қандай да бір қиындық кездессе мен өзімді сабырлыққа шақырамын. Әр қиындықтың артында бір жеңілдік бар екенін есіме түсіремін. Бұл өмірге біз тек тамақ ішіп, күлуге келмедік қой. Қиындықтар адамды тәубасына келтіреді, тура жолға салады деп ойлаймын. Сондықтан кез-келген қиындықтан жақсылық көре білу қажет.

Сегізіншіден,түптің түбінде, байлық – өмірдің бір бөлігі ғана, оны түсінген дұрыс.Өмірдің қай сатысында жүргеніміз маңызды емес, бір күні бұл өмірден барлығымыз өтеміз . Артыңызға қалдырар мызғымас мұраңыз  отбасыңызға, жарыңызға, достарыңызға деген махаббатыңыз.Әр күніңізге шүкіршілік айтуды ұмытпаңыз. Бұл өмірде барлығымыз қонақ екенімізді есте сақтайық....

Өтелмеген қарыз маза бермеді
Абысын араз болса, ағайынның сәні кетер...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу