Мен кіммін?

Oinet.kz 11-11-2019 1097

мен кіммін.jpg

Бұл сұрақты әдетте өзіне дәруіштер қояды. Рухани ізденіске бейім жандар. Олардың арасында пәлсапашылар, тіпті ғалымдар да баршылық. Адамзат баласының санасында осы сұрақ туғалы бері мыңдаған жауаптар келтірілді. Шын мәнінде жауаптың бәрі адам баласы өмір сүретін дүниетанымдық жүйенің жалғасындай еді. Дінде «Мен» - жан, ғылымда – мидың қызмет ету үдерісі, сиқырда – рух, адам тәніне жан кіргізген күш делінеді. Ақырында көптеген тәжірибе жасаушылардың небір терең зерттеулері «Мен» деген мүлде жоқ дегенге саятын тоқтамға тоқтайды. Осыны саралап көрейік. Ақылдың дегенін бақыласақ, «Мен» деген сананың мазмұны ғана болмақ. Кастанеда жазғандай, көңіл күй, сезім мен сөзді толық түгендейтін тізбек қана. Біреуге ренжігенде – сол сезімге айналамыз. «Мен» қатты ренжиді. Тұтастай сол сезімге бой алдырады. Дәл қазіргі сәтте сол көңіл күйден аса алмайды. Біз жоқпыз. Сәлден соң ашу басылады, реніш тарқайды. Оның орнына басқа бір ой келеді. Енді «Мен» осы ойға айналады. Біздің «Меніміз» - тек мазмұн ғана. Тұлға ретінде қалыптастырған үдерістің нәтижесіндегі сипаттама. Солай көре аласыз ба, жоқ па, білмеймін. Маған солай көрінеді. «Мен» деген тек образ. Өзің туралы ойдың образы. Бар болғаны ой ғана. Сезім ғана. Сол түгендеуіш тізбектен сырт қалсам - мен жоқпын. Мен тек білетін нәрсені ғана ойлап, сезініп, қайғыра алам. Кейде түсініксіз нәрсеге бола үрейленеміз. Оны елес дейміз. Немесе рухани тәжірибе делік. Бірақ сол үрей күндердің күнінде біздің белгілі тізімдегі бір тармаққа айналады. Егер адамды бар болғаны шартта рефлекстер тізімі ретінде қарастырсақ, онда ішімізде сол рефлекстің бәрін басқарып отырған бір нәрсенің бары анық қой. Түсініксіз бұранда. Ол солға бұралса, ашу шақырамыз. Оңға бұралса, қуанамыз. Артқа кетсе, үрей билейді. Алға жылжыса - махаббатқа кенелеміз. Осы бұранданы біз қате түрде «Мен» деп қарастырамыз. Алайда барлық рефлекстерді өшіріп тастап, егер өзіңізді ойлау, әсер ету, сезінуден бөлектеп қарасаңыз, онда: соның бәрінен тыс қалған әлгі нәрсені жекелей тану, түсіну, айқындау мүмкін емесін байқайсыз. Ол өзін таныта алмайды, анықтай алмайды, ол өзін сезіне алмайды. Будда бұл қалыпты «Ұлы Жоқ» деп атаған. Сондықтан ішіміздегі «Меніміз» - кейде бір мазмұнға, кейде басқасына қуат беретін ұлы Күш. Тура электр тоғы сияқты. Бүтін бір күрделі жүйенің әр жеріндегі шырақтарын белгі арқылы қосып, өшіріп тұратындай. Сондықтан сиқырдың мәнісі – осы Күшті бойына көп жинаудан. Рефлекстердің мазмұнына сай бұл Күш еркіндікке шығып, үсті-үстіне жинала береді. Сонда Дәруіш сол Күшке айналуды үйренеді. Себебі, әр адам о баста осы күштің өзі болған. Жай ғана Күш. Абстрактілі, жекеленбеген, қуатты. Ұлы Жоқ. Сондықтан ұсақ-түйек ой, сезім мен көңіл күйге қатты мән бере бермеңіз. Бәрібір уақыты жеткенде бәрін өзіңізбен әкете алмайсыз.

Алексей Похабов, "Философия мага"

Аударған Шынар Әбілдә

Сопы әйелдер
Әйелдің міндеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу