Хадис жаттаудың артықшылығы

Oinet.kz 07-11-2019 1011

Құран кітап.jpg

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Кімде-кім діни мәселеде қырық хадис үйреніп, (жаттап, дәптеріне жазып алып) үмметіме жеткізсе, Хақ тағала оны фықыһ ілімін меңгерген фақиһтар мен ғалымдар арасында тірілтеді».

Ибн Аббас жеткізген бір хадисте:

«Кім сүннеттен қырық хадис үйреніп, үмметіме жеткізсе, Қиямет күні мен оған шапағат етемін, әрі оны жақтап куә боламын», — делінеді.

Бұл жайында Абдуллаһ ибн Масғұд «Кім сүннетімнен қырық хадис үйреніп, жаттап, үмметіме жеткізсе, Қиямет күні оған былай делінеді:-Жұмақ есіктерінің қайсысынан кіргің келсе кір!»-деген хадис шәріпті жеткізеді.

Абдуллаһ ибн Омардың дерегінде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Кім діни салада қырық хадис үйреніп, үмметіме жеткізсе, ол кісі ғалымдар қатарына жазылып, шейіттермен бірге тіріледі».

Осы хадистерде айтылған сүйінші хабарға құлақ түрген көптеген ғалымдар қырық хадистер топтамасының екі жүз елудейін әзірлеген. Бұлардан тек Имам Нәуәуидің  «Хадиси әрбаині» үшін елуге жуық ғалымдар түсіндірмелер жазған.    

Бүкіл осы деректердің барлығы қырық хадис жаттаудың әрі басқаларға жеткізудің үлкен сауап екендігін ұқтыруда.

Халяль, Халал әлде Адал?
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыруға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу