Жақсылыққа есік аш
Өз қажеттілігіңді өзің бүтіндеп үйренгенде өзгенің бергенін де бағалап үйренесің.
Сені сүйген адам сенің жіберген қатеңді түзеп, сен жетпеген жетістікке жетелеуі міндет пе? Егер содан өзі зиян шекпесе, шын ниетімен қаласа ғана мүмкін болсын.
Бірақ адам деген жай ғана пенде ғой. Өзінде жоқты ешкімге бере алмайды. Дегенмен, өзінде не болса, сонымен бөлісе алады. Бірде автобустағы екі әйелдің әңгімесіне құлақ түрдім. Бірі күйеуінің ақшаны аз беретініне шағымданып отырды. Екіншісі, күйеуінің айлығы қанша екенін сұрады. Әйеліне бергеннен мың рубльге көп екенін білді. Түсінесіз бе? Күйеуі қолда барын тұтас әйеліне беріп отырған.
Кей адамның ақшасы көп емес. Бірақ ол бар уақыты мен зейінін отбасына арнайды. Немесе лауазымы жоқ делік, бірақ екі қолға бір күрек, еңбекқор болады. Біреу бай-дәулетті боп туады. Мәселе, тіпті, ақша мен уақыттың қайсысын таңдау керек дегенде де емес. Қолы жылы массажистті не безерген банкирді таңдау да міндет емес. Сен қарым-қатынаста түрмеде отырғандай тырп етпей қатып-семіп отыруың керек дейтін ешкім жоқ, елдің еркіндігіне көз сүзе бергеннен не ұтасың? Бүкіл мұқтаждығыңды бір адаммен байланыстыруды доғар. Бұл әлемде қалағаныңның бәрі бар. Тек соны көріп үйренсең етті... Қолда барын тұтас беріп отырған адаммен қарым-қатынасты да қадірлеп үйрену маңызды. Сонда бәрі жақсы болады.
Өзіңнің қалауыңа өзің жауап беріп үйрен. Өзіңе жақсылық жасап баста. Бұл дүниеге сені сенен артық жақсы көруге жол аш. Шексіз махаббатты қабылда. Бала тосынсый күткенде қандай күйде болатынын білесің бе? Дәл сондай күйде бар жақсылыққа дайын бол. Сен жақсылыққа лайықсың.
Аглая Датешидзе
Аударған Шынар Әбілда