Адалдық туралы тәмсіл
Ертеде тибет жерінде , өте білімді, ақылды ғұлама өмір сүріпті.Ғұламаның қасиеттілігі сонша ол мінәжәт еткенде жақын маңдағы жабайы аңдар. тылсым табиғат. орман көл тіпті, шөп шаламды шуылдатар желде тынып қалатын болған.
Оның айналасындағы елдер, тайпалар үнемі осы ғұламаға бас ұрып, ақыл кеңес алып, болашағына бағдар алып отырады екен, сонымен қатар ол Ғұлама өте қайырымды, әділ би, төреші болған. Ғұламаның емшілік, көріпкелдік қасиеті де өте жоғары деңгейде болған. Не істеседе қарапайым халық үшін істейді екен. Тарихтан білгеніміздей Тибет екі мәдениеттің ұштасақан тоғысқан жері, бір жағы Қытай мемлекеті болса, Тибет мәдениетінің бір жағында Үнді тарихы да жатыр.
Сол тарихтардың айтуынша Тибеттің алғашқы билеушілері жәй адамдар емес, (тибеттіктердің нанымы бойынша) аспаннан келген Әулиелер.
Ол нанымның айтуынша бұл Ғұламалар өлмейді, өлседе тек тәні өледі( оны олар перғауындар секілді бальзамдап тастайды)
Сол әйгілі ғұлама күндердің күнінде, жанжақтағы тайпалардың, көсемдерін, елдің игі жақсыларын жинап алып:
"Жарандар, менің күнім таяу, сондықтан осы күннен менің орыныма ЖОҒАРҒЫ КӨРІПКЕЛ, Билеуші, Аймақ басшысын Сайлай беріңіздер, Менің мүрдемді басқа ғұламалар сияқты, біздер үшін қасиетті саналатын ұлы Қайлаш тауының басына қоймаңыздар, мені сол.таудың етегіне қарапайым күнәхар пенденің бірі ретінде қоюларыңызды өтінгелі отырмын" деп жұртты таңқалдырған екен. Бұл кісінің талай қасиетіне, емшілігіне, діндарлығы мен ғұламалығына бас иетін жиналған жұрт шуласып кетті:
"УА ӘУЛИЕМІЗ Ұлы Далай ламаның ізбасары, осындағы жұрттың аузынан түспейтін әулиесі сіз болсаңыз, біз сізді, қалай қарапайым есебінде көмеміз, бұл қалай болғаны? Олай айтуыңыздың себебі неде? " деп жан жақтан сұрақ жаудырды.
"Жәә сабыр етіңіздер, " деп тоқтатты ғұлама" Айтайын мен АДАЛЫМДЫ АРАМДАП АЛҒАН АДАММЫН, қалай дейсіздер ғой, айтайын.: Бәріңізде менің мінәжатханамда тұрған, ауырған адамға су ішкізетін алтын ыдысымды білесіздер, сол ыдысты маған,мен жастау,45-50 жас шамасындағы кезімде бір Үлкен кісі әкеліп берген, ізгі ниетіңе пайдалан, сен өте білгір емшісің
сенің қолыңдағы ыдыста ерекше болу керек" деп мен сол ыдыспен барлықтарыңызды емдедім, ұшықтадым, сол ыдысқа құйылған суға дем салып бердім, сол ыдысты менен бұрын, өте жауыз.алымқор.аш көз ел билеуші ұстаған екен. Сол барлық жаман аура сол сол ыдыспен маған жұққан, Бағзы Лама лар сияқты мен "медитация" ( мінәжәт) ету кезінде жерден көтіріліп( ұшып) тұралмайтынымда содан. Құдайлардың қалауымен күнәдан ада, миллионнан бір адамдарға ондай қасиет беріледі, маған дейінгі Ламалардың барлығы мінәжәт кезінде жерден 2-3 құлаштай көтеріліп отыратын. Ал менде ондай қасиет болмады, мен сол "Күнәхар " Алтын ыдыстан көрем. Қайырымсыз кісінің қолынан алған сый сияпат қайыр бермейді, керісінше Адал тәніңді арамдайды" деп тоқтады.Жиналған жұрттың ішінде Ғұламадан жастау бір кісі тұрып" Оо Әулие әке, сол ыдыспен сіз жасаған игі істер, жасаған ем шараларыңыз, болашаққа арнап жазған нақыл жазбаларыңыз,сол ыдыстың күнәсін жуып шайған шығар, асылық айтпаңыз, Сіздің халық үшін жасаған жақсылықтарыңыз Он ыдыстың күнәсін жуып шаюға жетеді" деп ойлаймыз деп қортындылады.
Ғұлама " ия солай болғай " деп үміттенем, бірақ сол Құдайлар кешірмедіме деп күдіктенем, сондықтан сол таудың етегіне қойғандарыңызды мақұлдар ем, егер жаратқан қажет деп тапса, өзі көтеріп алар жоғары ға" деп күрсіне отырып
" Сіздерге айтарым Халыққа қажетті деп немесе әшейін бір сый құрмет деп болар болмас нәрсе ғой деп, Сол сыйдың шығу тегін, берушінің арғы тарихы мен істеген амалдарын білмей, Сол сыйды алмаңыздар, тіпті болар болмас дүние болсада, әйтпесе өмір бойы жинаған Адалдарыңды, болар болмас нәрсе мен арамдап аласыздар."
Сонымен бір жеті болмай Ғұлама өмірден озды. Ғұламаға табынып оның әулиелігіне шек келтірмеген тайпаластары оны Қасиетті Қайлаш тауының басына бальзамдап барлық сән салтанатымен қойды.
Алайда түн ортасында бір гуілдеген дауыстан, Тау жақтан шыққан жер сілкінісі іспеттес дыбыстан оянды.
Құдайларына сыйынып, тыныштық тілеп түнді өткізді. Таң атқанда көргендері оларды таң тамаша қылды. Кешегі өздері таудың биігіне қойған Ғұламаның мүрдесі, барлық сән салтанатымен таудың етегіне түскен екен.Қаншама еңбегі, ел үшін жасаған игі істерін Қайырсыздың қолынан алған бір ыдыс зая қылып жібергенін түсінген жұрт. Мүрдені сол таудың етегіне қайта қойды.
Әңгімеден түсінгенім АДАЛЫМЫЗДЫ АРАМДАМАЙЫҚ АҒАЙЫН.
(сый, марапат, ықылас ала тұрып "Кімнен? неге? және НЕ?" алып жатқанымызды ойланайық).
М. Кенжебаев