Головкиннің келесі қарсыласының аты аталды

Oinet.kz 09-10-2019 3980

Картинки по запросу Головкин

Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері британиялық Эдди Хирн IFL TV порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

"Сергей Деревянченкомен реванш өткізудің қажеті жоқ. Геннадий жұрт көргісі келетін жекпе-жектерге қатысуды қалайды. Залда Деметриус Андраде отырды. Билли Джо Сондерс, Каллум Смит бар, олар да өз кезегін күтеді. Халық Деревянченкомен реваншты көргісі келсе де, Головкиннің қалайтыны - "Канеломен" жекпе-жек. Үшінші жекпе-жек алғашқы екеуі секілді жақсы өтеді. Бұл кездесуге дайын болыңыздар, жақындап қалды", - деді Хирн. 

iPhone 11 смартфонын сатып алғандар шағымдануда
«Жусан» операциясы арқылы Сириядан 600-ге тарта адам қайтарылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу