2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы мақұлданды
Премьер-министр Асқар Мамин республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығарды және ол бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Осы бюджеттің түзетілген кірістері мен шығыстары атаулы әлеуметтік көмек пен медициналық қызметтерді қосымша қаржыландыруға деген қажеттілікті қамтамасыз ету, экономика өсіміне екпін беретін қосымша өсім көздерін құруға мүмкіндік жасайтын өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсету, салымшыларға тұрғын үй заемдарын беру үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне кредит беру, өңірлердің суармалы жерлерінің гижромелоративтік жүйелерін қайта жаңарту шаралары арқылы қамтылады. Тиісті заң жобасын республикалық бюджеттік комиссия мақұлдады», - деді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин .