Алматылық таксист жігіт шетелдік азаматты алдап, 15 мың теңгесін қағып алған

Oinet.kz 01-10-2019 1062

Картинки по запросу таксистАлматылық жігіт түркиялық азаматты Алматы әуежайынан "Қазақстан" қонақ үйіне жеткізіп салғаны үшін 15 мың теңге сұраған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Түкия елінен Қазақстанға алғаш келген азаматты қазақ жігіті алдап соққан. Қонақты күтіп алған Данияр Өсейіновтың айтуынша, шетелдік азамат еш қарсыласпай 15 мың теңгесін ұстатқан және полицияға шығамданбаған. Бірақ ол такси жүргізушісінен чек алып қалыпты. Онда "Регион" атауындағы такси қызметінің мөрі басылған.

«Таксист жол ортасына келгенде ғана бір-ақ туристке жолақысының құнын айтады. "Мұнша неге қымбат" дегенде, оған бұл түнгі тариф екені түсіндіріледі. Одан кейін, әрине ол сөз таластырмай оған 15 мың теңгені ұстатып, жөніне кетеді. Әрине, бұл жағдайға ол қатты кейіп отыр», - дейді Данияр Өсейінов.

«Регион» компаниясының PR-қызметіндегілер чектің өзіне тиесілі емес екенін айтып, жалтарып шықты.

«Бұл чектің форматы біздікіне ұқсамайды. Логотипі мен мөрі де басқалай. Жүргізушілер осындай чекті сатып алады деп естігенмін», - дейді компанияның PR менеджері Николай.

"Регион" такси қызметкерлері жеке тексеру жүргізіп, үш күн бұрын тұтынушысына осындай жалған чек берген жүргізушіні тапқан.

2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы мақұлданды
Бірғаным Әйтімова жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу