Ішкі істер министрі уақытша қамау изоляторына түскендерге жеңілдік жасады
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда қамауға алынған күдіктілердің шашы сот шешімі шықпағанға дейін алынбайтынын айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасына байланысты қамауға алынған хирург Қанат Тезекбаевтың жұбайы тергеу изоляторында күйеуінің шашын тақырлап алып тастағанын айтқан еді.
"Бізде санитарлық эпидемиологиялық нормаға сәйкес, уақытша қамау изоляторына түскен адамның шашын 1,5 сантиметрге дейін алып тастау туралы бұйрық болды. Мен осы бұйрықтың күшін жою туралы шешім қабылдадым. Енді сот шешім шығарып, адам түзету мекемесіне түспейінше, оның шашын алмайды", - деді Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында.