Жарасқан Әбдіраш. «Баянды махаббат»

Oinet.kz 26-09-2018 952

Без названия (1).jpg

Бір үйде оңаша бірге іштік,

Сен болдың біреудің Баяны.

Бірге іштік, содан соң нұр құштық,

Көңілдің желбіреп маягы.


Өзіңе өзіңді тақ қылдым,

Отырдың, алдымда отырды Ай,

Көзіңе көзімді лақтырдым

Теңізге тастаған якордай.


Ондайды көргем жоқ бұрын деп,

Тарқаттың шашыңды, жүз өрдің.

Қолымды апардым дірілдеп,

Үстіне жұп-жұмыр тізеңнің.


Елес пе, ар жағы жоқ есте,

Сен жылап, мен бармақтістедім.

Көңілдеркемелеремеспе?

Құштарлықтоғыз балл шторм.


Өзің де кінәға бір аршын

Жақынсың, менен де бар кінә.

Мұңды боп оралған шығарсың,

Баянды махаббат портына.


Шайқалдық, шатырлапсынды көк,

Кеш мені болса егер сол күнә.

Оралған шығарсың мұңды боп,

Баянды махаббат портына.

Жарасқан Әбдіраш. «Мұңайма»
Жарасқан Әбдіраш. «Елік қыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу