Жарасқан Әбдіраш. «Мұңайма»

Oinet.kz 26-09-2018 1992

Без названия (1).jpg

Сен мұңайма, қуанайын мен дағы,

Сені сезім, мені көзің алдады.

Тек біз емес адастырған талайды,

Бұл тағдырдың айқыш-ұйқыш жолдары.


Өмір бізді жолықтырды, байытты,

Желіктірді, болдық бүгін байыпты.

Кінәлама өзіңді де мені де,

Біздің бұған жастығымыз айыпты.


Жүрегіңді шайлықтырып, жасқантып,

Алдың рас, демеймін күл, тас, шалқып.

Бірақтағы қала көрме қапыда,

Қарсы келген бақытыңнан бас тартып.

Жарасқан Әбдіраш. «Кім не береді?»
Жарасқан Әбдіраш. «Баянды махаббат»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу