Баян Алагөзова: «Тұрсынов мырза, менімен және менің жұмысыммен күресуден жалықпадыңыз ба?»

Oinet.kz 11-09-2019 1086

  image.png

Ермек Тұрсынов пен Баян Алагөзованың арасында ашық айқас! Даудың басы режиссердің фейсбук желісіндегі парақшасында жазған постынан басталып отыр. Онда киногер өнер мен қоғам мәселелері жайлы айта келіп, Мақсатқызын мысал ретінде тілге тиек еткен. Баян Алагөзова да қарап қалмай, режиссер Ермек Тұрсыновқа тіл қатты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұған дейін де, Тұрсынов мырза Алагөзова бастаған өнер өкілдерін, киноға бет бұрғаны үшін қатаң сынның астына алған еді.

- Тек жалқау ғана кино түсірмейтін болды біздерде. Бәрі киноға ауып кетті. Бұл кино емес, бұл жай ғана мазақ. Мұны америкалықтар «entertainment» дейді. Біреулерге ермек, біреулер ақша қуалап жүреді. Оңай ақша деп. Көрерменнің надандығын біле отырып, қалталарын ақтарып отырады. Меніңше бұл өте қауіпті нәрсе. Мәдениетімізді төмендетіп, санамызды бұзады, - дейді Ермек Тұрсынов.

Мұндай айыптауларды Алагөзова ханым тыңдауға құлықсыз! Жеке басына тіл тигені сол-ақ еді, атышулы продюсер де Тұрсыновқа жауап жазуды жөн көрді.

- Мені бүкіл халықтың басты деграданты деп атағаныңыз қандай мәртебе! Тұрсынов мырза, сіз менің ар-намысым мен қадір-қасиетіме ұзақ жылдар бойына нұқсан келтірдіңіз. Сізге қояр сұрағым бар. Сізде "кішкентай мүше" синдромы бар ма? Менімен және менің жұмысыммен күресуден жалықпадыңыз ба?, - дейді Баян Мақсатқызы

Баянның бұл постының астына, жұлдыздар түрлі жазбаларды жаудыра жөнелді.

Перуашев: "Кредитті кешіруде әділетсіздік бар"
Нарыққа жаңа банк келмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу