"Кезек - Атырауда" ІІМ бірнеше лауазымды бастықты қызметінен босатты

Oinet.kz 13-04-2026

Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде аумақтық бөлімшелердің қызметіне жоспарлы қызметтік тексеріс жүргізіп тұрады. Кезекті тексеріс Атырау облысында жүргізілген.

Screenshot_7.jpg

Қызметтік-әскери тәртіп өрескел бұзылуына, тиісті бақылау және жұмысты ұйымдастыру болмауына байланысты ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ, Атырау облысы Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары лауазымдарынан шеттетілген.

"Бұған дейін ішкі істер министрі ведомствода заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетінін бірнеше рет айтты", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент пен Алматы қалаларында полиция тарапынан жіберілген қателіктің салдарынан басшылық құрам қызметтерінен босатылған болатын. 

Алматыда 78 адам қаржы пирамидасына алданып, 110 миллион теңге ақша салған
«Неге улап-шулап жүреміз?» Желі белсендісі еліміздегі кітапхана жұмысын сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу