Алматыда 78 адам қаржы пирамидасына алданып, 110 миллион теңге ақша салған

Oinet.kz 13-04-2026

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Boxy Wealth қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Тергеу барысында күдікті бір жыл бойы Алматы қаласы аумағында осы жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды. Жоба www.boxywealth.com интернет ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде "Күнделікті табыс" чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту жүзеге асырылған.

Қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнама материалдарын қарау ұсынылған. Бұл ретте тәулігіне 5 пайыздан 10 пайызға дейін табыс уәде етілген. Сонымен қатар, жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін реферал жүйе жұмыс істеген. Қаражат жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы қабылданып, кейін криптовалютаға аударылған.

Салдарынан 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 миллион теңгеден аса қаражат салған. Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жұмыс кезінде ішімдік ішкен дәрігер жұмыстан босатылып, мейірбикелерге сөгіс жарияланды
"Кезек - Атырауда" ІІМ бірнеше лауазымды бастықты қызметінен босатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу