Мемлекет басшысы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алған биатлоншы Ербол Хамитовті құттықтады.

Президент спортшының табандылығы мен мықты ерік-жігерінің арқасында қиындықтарды еңсеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті. Оның бұл жетістігі үлкен құрметке лайық екені айтылды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған Ербол Хамитов бұған дейін Паралимпиадада шаңғы жарысынан қола жүлде жеңіп алған.
Мемлекет басшысы спортшыға алдағы уақытта да жаңа жеңістер, сарқылмас күш-қуат және мықты денсаулық тіледі.


