Алматы облысындағы қоғамдық моншада ер адам 13 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан

Oinet.kz 14-03-2026

Алматы облысында қоғамдық моншада мас ер адам 13 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан. Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Screenshot_2.jpg

Әйелдің айтуынша, оқиға 9 наурыз күні Қаскелеңдегі “Жетісу” моншасында болған. Жасөспірімді мас күйідегі монша қызметкері соққыға жыққан көрінеді.

“Менің 13 жастағы ұлым досымен бірге бір сэндвич сатып алмақ болған. 28 жастағы монша қызметкері олардан өзіне және әріптестеріне төрт сэндвич сатып алуды талап еткен. Ұлым “тағы не істейін?” деп күліп жауап бергенде, қызметкер ашуланып, соққыға жыққан”, – дейді әйел.

Полицейлер бұл қылмысты әкімшілік құқық бұзушылық деп бағалаған. Баланың анасы бұған келіспейтінін мәлімдеді. Әйелдің пікірінше, видео дәлел болғандықтан “бұзақылық” бабымен қылмыстық іс қозғалуы тиіс.

“Қарасай ауданы учаскелік инспекторы бұл әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық деп бағалаған, мен бұған келіспеймін. Себебі оқиға орнынан видеожазба бар, онда менің кәмелетке толмаған ұлыма денесіне екі және басына бір соққы жасалғаны көрінеді. Бұл жағдайда ҚР ҚК-ның 293-бабы(“Бұзақылық”) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері толық бар. Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – дейді әйел.

Полиция басқармасы оқиғаға қатысты әлі жауап бермеген. 

Мемлекет басшысы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті құттықтады
Президент ірі банктерге қатысты сыни пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу