Облыс әкімі әнші Төреғали Төреәліні қабылдады

Oinet.kz 13-03-2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров белгілі продюсер Жанат Мұқанов пен танымал әнші Төреғали Төрәлімен кездесті. Кездесу барысында өңірдің мәдениет саласын дамыту және жаңа шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

MyCollages.jpg

– Киелі Түркістанға қош келдіңіздер. Тарихы тереңде жатқан өңір бүгінде қарқынды даму үстінде. Көптеген әлеуметтік, мәдени, спорттық және туристік нысандар салынды. Бірақ туризмді дамыту үшін тек ғимараттар салу жеткіліксіз, қаланың «жаны», адами капиталы, креативті индустриясы болуға тиіс. Оған өздеріңіз сияқты өнерлі, шығармашыл азаматтар үлес қосады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдаулары мен тапсырмаларында туризмді дамыту, өңірлерді жан-жақты өркендету міндетін жүктеді. Түркістанда осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Халықаралық деңгейдегі ескек есу каналы мен атшабар ашылды. Халықаралық деңгейдегі іс-шаралар, жарыстар өткіземіз. Идеялар мен ұсыныстарды талқылап, жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Түркі әлемінің орталығына айналған Түркістанның мәртебесін көтеру – абыройлы міндет,– деді Нұралхан Көшеров.

Төреғали Төрәлі Түркістанға көшіп келу жүрек қалауымен болған іс екенін айта келе жоспарлары мен жобалары туралы баяндады. 

– Тарихы тереңде жатқан Түркістан ерекше ұнады. Қала өте әдемі әрі жақсы дамып жатыр. Шығармашылықты дамытып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деді әнші. 

Кездесуде продюсер Жанат Мұқанов Түркістан өңірінің мәдени әлеуетін көтеру, жастар шығармашылығын қолдау және заманауи мәдени жобаларды іске асыру бағытындағы ұсыныстарды ортаға салды. Сондай-ақ алдағы уақытта өңірде ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру жайы сөз болды.

650172413_26468828659407230_3799195997282712471_n.jpg

Өнер өкілдері Түркістан қаласының рухани-мәдени орталық ретіндегі маңызына тоқталып, өңірдің мәдени өміріне үлес қосуға дайын екендерін жеткізді. 

Облыс әкімі өңірде мәдениет пен өнерді дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Түркістан бүгінде еліміздің рухани орталығы ретінде қарқынды дамып келеді. Қалада туризм, мәдениет және шығармашылық индустрияларды дамытуға бағытталған түрлі жобалар қолға алынуда.

Кездесу қорытындысында тараптар мәдени жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және Түркістанның шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. 

Аcқар Маминнің немере інілерінің Лондонда 10 млрд теңгеден асатын мүлкі бар
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу