Бурабайда қар көлігі ағашқа соғылып, комаға түскен қыз көз жұмды
Бурабайда қарда жүретін көлік апатынан ауыр жарақат алып, тоғыз күн бойы комада жатқан 24 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлерінің айтуынша, науқас бас сүйегі мен бет сүйектерінің сынуы, жабық бас-ми жарақаты және травматикалық шок секілді көп ауыр жарақат алған. Болжам бастапқы кезден-ақ қолайсыз болған. Жүргізілген емдеу мен реанимациялық шараларға қарамастан, алған жарақаттарының салдарынан қызды аман алып қалу мүмкін болмады.
“23 ақпанда таңертең науқас қайтыс болды”, – деп хабарлады Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


