Нұралхан Көшеров: Мен халықпен кездесуге келдім, сіздермен емес

Oinet.kz 19-02-2026

Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тұрғындарына алдында жыл бойы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Әкім зал сыртында қала тұрғындарының қалып кетпеуін, оларға ешқандай кедергі болмауын қатаң қадағалады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.jpg

- Сыртта халық қалып кетпесін. Егер орын жетпей жатса, осында отырған мемлекеттік қызметшілер тұрып орын берсін. Мен халықпен кездесуге келдім, сіздермен емес, - деді. 

Кездесуде облыс әкімі баяндама жасап, одан кейін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының есебін тыңдады. Кездесуде халық көкейінде жүрген сауалдарын қойып, оларға әкімдерден бөлек, тиісті сала басшылары да кеңірек жауап берді. 

Облыс әкімімен болған кездесуде тұрғындар бір-бірімен айқайласып қалды (видео)
Көлікті күнделікті мінуге шектеу қойылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу