Полиция Ерболат Құдайбергенге қатысты видеоға түсініктеме берді

Oinet.kz 18-02-2026

Screenshot_2.png 

Жуырда әлеуметтік желілерде белгілі әнші Ерболат Құдайбергенді тәртіп сақшыларының наркологиялық орталыққа әкелгені жөнінде видео жарияланған болатын. Алматы қаласының Полиция департаменті осыған түсініктеме берді. Tengrinews.kz порталының ресми сауалына берген жауабында тәртіп сақшыларының әншінің үйіне баруына көршілердің шағымы себеп болғаны жазылған.

«Полицияға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарынан олардың көршісі өзін агрессивті ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы арыз түсті. Учаскелік инспектор дереу оқиға орнына барды. Ақпарат расталды: ер адам адекватты емес жағдайда болған, агрессия танытып, айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген», – деп мәлімдеді полиция.

Осыдан кейін ер адам медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама нәтижесі оның психоактивті заттардың әсерінде болғанын көрсетті.

«Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандардың бақылауымен арнайы медициналық мекемеге орналастырылды», – делінген полиция жауабында.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған азаматты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда:
• азаматтардың тыныштығын бұзу;
• психоактивті заттарды қолданудан туындаған күйде қоғамдық орында пайда болу;
• тіркеусіз тұру;
• қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу.

Полиция департаменті бұл ер адамның бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған.

 


Ауылдық округтерде даму қарқыны жоғары
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу