Қазақстанға бекер келдің, Сабуров...

Oinet.kz 10-02-2026

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың төңірегіндегі даулы мәселе басылар емес. Турасын айтқанда, әйгілі комик екі оттың ортасында қалып қойғандай. Ресейдің пропаганда машинасынан әбден таяқ жеген стендапер енді Қазақстанда да қиындықтарға тап болды. 

Screenshot_4.jpg

Ресейлік блогерлер мен ақпараттық пабликтерде «Украинаға қарсы соғыста Ресейге жақтаспады» деген айыптаулар қарша борағаны күні кеше еді, артынша Сабуровтың былтыр Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысып жүрген “Вагнер легионы Истра” жауынгерлеріне   10 мотоцикл және 2 миллион рубль көлемінде көмек көрсеткені жайлы ақпарат жарияланды.  Бұған қатысты арнайы бейнежазба да таралды. Сарапшылар бұл видеоның жасанды интеллектпен жасалмағаны әрі шындыққа жанасатыны жайында сенімді түрде айтып отыр. 

Осы жайт Сабуровқа қатысты жағдайды күрт өзгертіп жіберуі ықтимал. Қоғам белсендісі Марат Тұрымбетов Сабуровтың әрекеті  Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдамалылық”) бойынша қарастырылуы мүмкін деп санайды. Себебі, “Вагнер легионы Истра” ЖӘК “Вагнердің” құрамына кіреді, ал бұл құрылым – Украинада соғысып жүрген жалдамалылар. Бұған дейін ресейлік БАҚ “Вагнер легионы Искра” таратылған “Вагнер” ЖӘК-тің бөлініп шыққан бөлімшелерінің бірі екенін, қазір Ресей Қарулы күштері құрамына кіретінін нақтылаған. Сонда Сабуров өзге елде жүріп жатқан әскери іс-қимылдардың қаржыландырушысы болып шыға келмей ме?

“Құзырлы органдар анық-қанығын ашып береді деп ойлаймын. Егер бұл жалған жала болып шықса, ҚР заңына сәйкес жауапкершілік көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз”, – деп мәлімдеді Марат Тұрымбетов.  

Қазақстандық құзырлы органдар Сабуровтың «Вагнер» жауынгерлеріне көрсеткен көмегіне көз жұма қарай ма екен? Әзірше Бас прокуратура тарапынан мәлімдеме жасалған жоқ.   Қалай болғанда да, бұл тығырықтан шығу Сабуровқа оңайға соқпайды. Базбір сарапшылар Сабуров белгілі-бір шарттарды орындаған жағдайда Ресейге қайта кіруге мүмкіндік алатынында жоққа шығармайды.   

«Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Еңбекақы көтеріліп, қаржылық жүктеме азайтылады – Премьер-министр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу