Танымал журналист отандық такси қосымшасының жұмысын сынға алды

Oinet.kz 27-01-2026 54

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы отандық «Апару» такси қосымшасыны жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, аталған қосымша базалық функцияларды толық қамтамасыз ете алмаған. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

MyCollages (2).jpg

"Осында біраз кісілер жарнамалаған отандық "Апару" такси қосымшасын өткенде мен де жүктеп алған едім. Отандық болған соң қолдау керек деген сол баяғы патриоттық рефлекс қой... Бір рет такси шақырып көрдім... Қосымшада не бағасы көрсетілмейді, не радиуста такси бар-жоғы көрінбейді, бар ма, іздеп жатыр ма, келе ме, неше минутта келеді  - түк ақпарат жоқ. Ештеңе көрсетпейді. 5-10 минут күтіп, қарап, бір тырс деген өзгеріс бола ма деп зерттеп отырдым. Тым-тырыс. Түк жоқ. Бүйткен таксиіңді ұрайын...- деп, қосымшаны өшіріп тастадым. 

Айдай әлемге жарнамалап, бір тірлік бастамас бұрын қосымшаларыңды дамытып, жетілдіріп алғандарыңда жөн болар еді. Тым болмаса, қаншаға апаратын бағасын көрсету керек қой. Клиентке ең керекті мәлімет сол, сосын, шамамен, қанша минутта келетіні керек қой..." - дейді журналист. 

Ол отандық сервистерге бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен сапа мен пайдаланушыға ыңғайлылыққа мән беру қажет екенін алға тартады. Әсіресе, сапар бағасы мен көліктің келу уақыты сияқты негізгі ақпараттардың ашық көрсетілуі маңызды екенін атап өтеді.

"Өшірдім де, өзімнің үйреншікті таксиімді шақырдым. Бәрі айнадағыдай ап-айқын көрініп тұр. 2-3 минутта зу етіп жетіп келді... Әрине, бір ғана қосымша арқылы халықтың миллиардтары шет елге кетіп жатқанына ішің ашиды... Қалай бәсекелес боласыңдар? Ақыры қосымша жасағаннан кейін, оны нақты, анық, ашық, түсінікті етіп жасау керек шығар?.. Үлгісі толып тұрған жоқ па?.... 

Баяғыда "Ойбай, Ситисмарт деген отандық такси қосымшасын қолдайық" деп, әбден аузым күйген еді..... мынау қайта ол сияқты "тіркелу үшін бәлен мыңға пакет сатып ал" деп, ақшамызды алдап тонап алмағанына шүкір дедім де, вщть дегіздім.... 

Жасасаңдар, дұрыстап жасаңдар. Жасамасаңдар, жоқ нәрсені жарнамаламай қоя қойыңдар... Ұят болады!..." - деп түйіндеді ол.

Журналистің пікірінше, отандық цифрлық өнімдердің дамуы үшін тек патриоттық ұранға емес, нақты сапа мен сервистік стандарттарға басымдық берілуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана олар нарықтағы ірі халықаралық платформалармен тең дәрежеде бәсекелесе алады.

Айтматова ағасының 100 жылдығын атап өтпеуді сұрады
Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу