Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
World Boxing ұйымының және ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Головкин Instagram-дағы парақшасында Ташкентте өзбек көшбасшысымен кездескенін хабарлап, онымен не туралы сөйлескенін айтты.
"Жылы қабылдағаны үшін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев мырзаға алғысымды білдіремін. World Boxing халықаралық федерациясының басшысы ретінде бокстың мемлекет тарапынан ең жоғары деңгейде қолдау табуы мен үшін ерекше маңызды. Спорттың бұл түрін дамыту және оның халықаралық әрі олимпиадалық қозғалыстағы рөлін талқылауға мүмкіндік туғаны үшін қуаныштымын", - деп жазды Геннадий Головкин.


