Айтматова ағасының 100 жылдығын атап өтпеуді сұрады

Oinet.kz 27-01-2026 42

Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова үкіметке жазушының туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шараларды өткізбей, мерейтойға бөлінген қаражатты халықтың тұрмысын жақсартуға бағыттауды сұрап үндеу жолдады. Бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігі жариялаған оның үндеуінде айтылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 
Screenshot_7.jpg


Роза Айтматованың айтуынша, қоғамда жазушының мерейтойын атап өтуге бюджеттен қаржы бөлудің орынды-орынсыздығы жөнінде пікірталас туындауы мүмкін.

«Мен “Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген қаражатты басқа мақсатқа жұмсауға болар еді” деген әңгімелер болатынына сенімдімін. Сондықтан үкіметтен сол қаражатты қарапайым халықтың өмірін жақсартуға бағыттауды алдын ала сұраймын. Бұл – оған деген шынайы құрмет болар еді», - делінген үндеуде.

Сондай-ақ ол Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болғанына 17 жыл өтсе де, оның есімі әлі күнге дейін қоғамда талқылау мен сын нысанына айналып келе жатқанын атап өтті. Роза Айтматова марқұм жазушының рухын мазаламауға және оның атын қорламауға шақырды.

«Шыңғысты мадақтаудың да, қаралаудың да қажеті жоқ – ол тыныштықта мәңгі дамыл тапсын», - деді ол.

Бұған дейін қоғамда бұрынғы Қаржы полициясының басшысы Сыймык Жапыкеевтің журналист Эрнис Кыязовқа берген сұхбаты үлкен резонанс тудырған болатын. Сұхбатта ол Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына қатаң баға беріп, оның еңбектерін «орташа» және «тиын-тебенге татымайтын» деп атаған. Бұл пікірлер әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланды.


Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу