"Ауыл" партиясының 25 жылдық мерейтойы – Түркістан облысында аталып өтті

Бүгін Түркістан облысы бойынша “Ауыл” партиясының өңірлік филиалы Оңтүстік ғылымының қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» мәжіліс залында партияның 25 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.
Іс-шараға түрлі салаларда жемісті еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ардагерлер, ғылым-білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, қаржы және табиғатты қорғау саласының өкілдері қатысты.
Өңірлік филиалдың төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы құттықтау сөз сөйлеп, партияның 25 жылдық қалыптасу жолы мен алдағы бағдарламалық бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар, өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға партияның 25 жылдық мерекелік медалін табыстады.
Салтанатты жиын барысында сөз алған өңірлік филиал аппаратының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмазанбетұлы да жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, марапаттауды жалғастырды.
Жиын соңында мерейтойлық концерт ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
“Ауыл” партиясына — жаңа белестер, ел игілігі жолындағы игі бастамаларына сәттілік тілейміз!


