Зағип жандардың отбасында болып қуанышымен бөлісті

"Ауыл" партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы мен өңірлік филиалдың аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы 4 қыркүйек күні Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы зағип жандар отбасында болды.
Қысқа дайындық үшін отағасы Бахтыбаев Дархан Тұрсынбайұлының өтінішімен тұрғын үйді толығымен күрделі жөндеуден өткізу қажет болатын. Төрегелді Оразалыұлының бастамасымен үй толығымен күрделі жөндеуден өткізіліп,сыртқы ауласына ою тастар төселіп, үй іші жаңа жиһаздармен жабдықталды.
Бүгін өңірлік филиалдың қызметкерлері, Төлеби ауданы бойынша "Ауыл" партиясының аумақтық ұйымының төрағасы Нысанбаев Жасар Тұрашұлы, аудандық мәслихат депутаттары Рысбаев Белес Наштайұлы, Үкібаев Сейдилла Жандиллаұлы, Сейданов Талғат Мекенбайұлы, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы Дархан Тұрсынбайұлының шаңырағында болып, жаңарған тұрғын үйді аралап, отбасының қуанышын бөлісті.
Өз сөзінде Дархан Тұрсынбайұлы "Ауыл" партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Төрегелді Оразалыұлына және партия белсенділеріне атқарған істері үшін ризашылығын білдіріп, жұмыстарына береке мен сәттілік тіледі.


