Cеминар-кеңесте мал шаруашылығындағы озық тәжірибелер талқыланды

Oinet.kz 10-12-2025 41

Screenshot_11.jpg

Түркістан облысында асыл тұқымды қой үлесі 13 пайызға жетіп, 581 мың басты құрап отыр. Соңғы жылдары мал шаруашылығында сапаға мән берудің айқын үлгісі – Бәйдібек ауданы, Жиенқұм ауылындағы «Нұрболат» шаруа қожалығы.

2008 жылы құрылған қожалықтың төрағасы Кенжеәлі Мұғалбаев бүгінде Гиннес рекордтар кітабына енген «Байсары» қой тұқымын өсіріп келеді. Қожалықта 1500 аналық және 800 бас таза «Байсары» қойы бар. Бұл тұқымның салмақ тез қосуы мен табиғатқа төзімділігі оның басты артықшылығы. «2023 жылы тұқым ресми патент алды, климатқа бейімділігі жоғары», – дейді шопан.

Бәйдібек ауданындағы «Нұрболат» ШҚ базасында Байсары асыл тұқымды қошқар өсіру тәжірибесі бойынша семинар-кеңес өтіп, жиынға Өзбекстан Республикасынан, сондай-ақ Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас, Ордабасы, Созақ аудандарынан және Түркістан қаласынан келген 80-ге жуық кәсіпкер қатысты.

Осы орайда “Ауыл” партиясының Бәйдібек ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Мырзабеков Ерболат Қалдарұлы мен партия белсендісі Кенжеәлі Мұғалбаев қожалық базасында семинар-кеңес өткізіп, мал шаруашылығындағы озық тәжірибелер мен «Байсары» тұқымының ерекшеліктерін талқылады.

«Денесін гаражға жасырып, қашып кеткен»: Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті қамалды
Зағип жандардың отбасында болып қуанышымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу