"Ауыл" партиясының 25 жылдық мерекелік медалі салтанатты түрде табысталды

Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы Мәдениет үйінде “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өтті. Шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы, сондай-ақ Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы арнайы қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді.
Жиын барысында партияның ел дамуына қосқан үлесі мен ширек ғасырлық тарихы атап өтіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген азаматтарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, шараға қатысқан ауыл ақсақалдары, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, ауыл әкімдері, білім, медицина және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерекелік медалі салтанатты түрде табысталды.
Айтулы мерекелік басқосу арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


