«Журналист болуға, митингілерге қатысуға, сұхбат беруге тиым салынды╗: Темірлан Еңсебекке үкім шықты

Oinet.kz 12-04-2025 334

Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Арна авторы бес жыл мерзімге қамалатын болды, сонымен қатар, журналист ретінде қызмет атқаруына, митингілерге қатысуына, сұхбат беруіне тиым салынды.

Соттың шешімімен Еңсебекке бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған қоғамдық қызметпен айналысуға, соның ішінде журналистік қызмет атқаруға, митингілерге қатысуға, сұхбат беруге тыйым салынды.

Темірлан Еңсебек өзіне тағылған айыптарды мойындамай, толық ақтауын талап етті. Ал қорғаушысы соттан істі тоқтатуды сұрады.

Істі Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы Бейнегүл Қайсина қарады.

Қылмыстық Кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша жаза 2 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 Сот шешім шығарған кезде, сотталушының бұрын сотталмағаны ескерілді, алайда ол өз құқыққа қайшы әрекеті үшін өкініш білдірмеген.

Осылайша, сот сотталушыны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазамен бас бостандығынан айырумен байланысты емес 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Автор орыс тіліне тіл тигізетін "Йоу, орыстар" әнін жариялағаннан кейін қамауға алынды.

Қамауға алуға Алматының тергеу соты санкция берген болатын. Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаева блогердің әрекетін құқық бұзушылық деп санамайтынын айтты, өйткені бұл әнді Еңсебек шығармаған, яғни оның сөзі емес.

«Жетімдер үйіне өткізіңе салыңдар»: Қазақстанға түнгі балабақшалар қажет пе?
«Бай еместер әкімнің назарына лайық емес пе?»: Жатақханадағы өрттен соң Астана әкіміне халық наразы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу