«Бәрі осы жағдаймен байланысты»: Астанада белгілі журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталды
Астанада белгілі журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ол Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, полиция өзіне қатысты қылмыстық іс барын хабарлағанын айтты.
Ахмедьяров өз ұсталуын Батыс Қазақстаннан ер адамдардың Ресейге жұмыс істеуге апарылып, кейін оларды Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауға мәжбүрлеп жатқаны туралы жарияланымдарымен байланыстырады.
Журналист Лұқпан Ахмедьяров Астанада ұсталды. Ол Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, полиция оған қатысты қылмыстық іс бар екенін хабарлағанын айтты.
«Полиция келіп, көлікке күштеп отырғызды. Қылмыстық іс аясында мені тартпақшы екенін айтты. Қазір белгісіз бағытқа кетіп бара жатырмыз. Мені "Триатлон паркі" маңында ұстады. Менің ойымша, бұл Ресейге алдап апарылған қазақстандықтар туралы жазбама байланысты. Олардың туыстары маған хабарласып, жақындарын соғысқа баруға мәжбүрлеп жатқандарын айтты. Бүгін Қазан қаласындағы Қазақстан консулдығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді. Бәлкім, бәрі осы жағдаймен байланысты шығар», — деді журналист тікелей эфирінде.