Шерзат Болаттың өліміне 9 күдіктінің ішінен тек 2 адамға ғана тағылған

Oinet.kz 11-04-2025 251

Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне күдікті ретінде ауыр айып тек екі адамға ғана тағылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Атышулы Шерзат Полат ісінде 9 күдіктінің ішінде тек екеуіне ғана ауыр қылмыс бойынша айып тағылған. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.

Іс бойынша барлық эпизодтар ауыр қылмыс санатына жатады. Алайда тек екі адам - Шынасыл Абзал мен Сәкеев Равильге нақты ауыр айып тағылып отыр. Қалған жетеуіне «бұзақылық» бабымен іс қозғалған. Бұл — мемлекеттік айыптаушының ұстанымы. Ол бұл шешім іс материалдарына сай деп есептейді. Ал жәбірленуші тарап ретінде біз бұған келіспейміз. Дегенмен, бұл — ресми айыптау актісі, — деді Шекеев.

Неліктен 13 емес, тек 9 күдікті сотта отыр?

Адвокаттың айтуынша, бастапқыда іс бойынша 13 адам күдікке ілінген. Бірақ олардың екеуінің бұл іске қатысы жоқ екені анықталып, күдіктілер тізімінен шығарылған. Ал тағы екі қызға тек куәгер ретінде сұрақ қойылған.

Қазір сот залында 9 күдікті ғана бар. Қалғандары процесс шеңберінен тыс қалды, - деп түсіндірді адвокат.

Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрақбаев айыптау актісін оқып, оқиға қалай өрбігенін толық сипаттап берді. Оның айтуынша, айыптау нақты дәлелдерге сүйеніп дайындалған.

Screenshot_4.jpg

«Сарайдан табылған»: СҚО-да 14 жасар жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған
«Бәрі осы жағдаймен байланысты»: Астанада белгілі журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу