«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Oinet.kz 10-04-2025 340

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков қор басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Осындай ақпарат келіп түсті. Оған қатысты бірнеше азаматтан шағым түскен. Әзірге белгілісі – ол осы шағымдар негізінде ұсталған", – деп жазды Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. 

Әлеуметтік желідегі парақшасында Ілияс Сариев өзін "қазақтың Робин Гуды" деген лақап атпен концерттер мен тойларды ұйымдастырушы ретінде таныстырады. Instagram парақшасында белсендінің 600 мыңнан астам оқырманы бар.

Ал "Елге көмек" қорының парақшасына шамамен 400 мың адам жазылған. Қор балалар мен қарттар үшін көмек жинау туралы жазбалар жариялап отырған. Алайда қордың ресми тіркеуден өткен-өтпегені белгісіз. 

Экс-әйеліне пышақ кезеп, үйіне күштеп апармақ болған лудоманға қатысты үкім шықты
Жаңаөзенде ойнап жүрген баланың қатты құлаған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу