Экс-әйеліне пышақ кезеп, үйіне күштеп апармақ болған лудоманға қатысты үкім шықты

Oinet.kz 10-04-2025 163

Түркістан облысында бұрынғы әйелін тұтқынға алып, полицейлерден қашқан күдіктіге үкім шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_43.jpg

Құмар ойынға құныққан ол өзін тастап кеткен әйеліне пышақ кезеп, Қызылордадағы үйіне күштеп апармақ болған. 

Шым-шытырық оқиға былтыр болған. Ойынқұмар азаматты үш жыл бұрын әйелі тастап кеткен. Соны қайтару үшін күдікті Сайрам ауданындағы әйелінің төркініне іздеп барады. 34 жастағы еркек әйелінің мойнына пышақ тақап көлікке отырғызып алып, Қызылордаға әкетпек болған. Бірақ артынан түскен Арлан арнайы жасағы оны Шымкентте ұстаған.

Қашқынды қолға түсіру үшін тіпті дыбысты жарық гранатасын қолдануға тура келген. Соның салдарынан тамағынан жарақат алған әйел жансақтау бөліміне түскен. Ал ойынқұмар күйеуі 9 жылға сотталып кетті. 32 жастағы әйелі үш баласымен төркініне қайта оралған.

«Жамбас сүйегі мен жіліншігі сынған»: Астана маңында балалар мінген автобус жол апатына ұшырады
«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу