«Жамбас сүйегі мен жіліншігі сынған»: Астана маңында балалар мінген автобус жол апатына ұшырады

Oinet.kz 10-04-2025 475

Астана маңындағы Қосшы қаласында балабақшаға бүлдіршіндерді күнделікті таситын микроавтобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_42.jpg

Балалар мінген көлікке Iveкo маркалы автобус соғылған.

"Таңғы жетіден екі кетті ме, сол аралықта болды. Көліктер қатты соғылысты, тарс еткен дауыс шықты. Бір Алла сақтады дейді ғой, білмеймін енді, жедел жәрдем келді", - дейді Қосшы қаласының тұрғыны Жанна Ембердиева

КТК телеарнасының мәліметінше, көлікте бас-аяғы он бала болған, оның бесеуі ауруханаға жеткізілген. Әбден шошынып қалған балақайлардың төртеуі дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне жіберілді. Арасында бұғанасы сынған бала да бар.

Ал жамбас сүйегі мен жіліншігі сынған төрт жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Қазақша сөйлеуге рұқсат бермеді»: Сатиралық жазбалары үшін қамалған Темірлан Еңсебектің сот отырысы
Экс-әйеліне пышақ кезеп, үйіне күштеп апармақ болған лудоманға қатысты үкім шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу