Қаржы министрі ешқашан несие, тіпті ешкімнен қарыз да алмағанын айтты

Oinet.kz 13-08-2019 3596

Screenshot_3.jpg

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Tengrinews.kz-ке берген сұқбатында той үшін несие алу дұрыс еместігін айтты.

"Меніңше, той жасау үшін несие алып қажет емес. Әсілі, несиені жаңа кәсіп бастау үшін не болмаса табысты реттеп, сол несиені жабуға септігін тигізетін бастама үшін алады. 

Егер сіз несиені жеп-ішу үшін алатын болсаңыз, өзіңізді де, балаларыңызды да қауіпті жағдайда қалдыруыңыз мүмкін. Бұл дұрыс емес, бұлай етуге болмайды", - деді қаржы министрі.

Смайыловтың пікірінше, қазақстандықтар бір күнмен өмір сүргендіктен осындай жағдайлар орын алып тұрады екен.

Сонымен қатар, ол өзінің ешқашан несие алып, біреуден қарыз сұрап көрмегенін айтты.

"Өз басым ешқашан несие алған емеспін. Айтарлықтай, тіпті, қарыз да алып көрмеппін. Несие алсаңыз, тым болмағанда кәсіп үшін алыңыз, - деді қаржы министрі.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева сенатор болып қайта тағайындалды
Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу