Тікұшақ апатынан 22 адам қаза тапты
Ресейдің Камчатка аймағында тікұшақ апатынан барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Өңірде қаралы күн жарияланды.
"Тікұшақтың қирау сипатына қарағанда, бортта аман қалғандар жоқ", – делінген БАҚ хабарламасында.
Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов 3 қыркүйекті аза тұту күні деп жариялады.
Оның айтуынша, ұшақта 22 адам болған. Олар Мәскеу, Камчатка және Пермь өлкелерінің, Липецк және Амур облыстарының, Удмуртия мен Бурятияның тұрғындары.
"Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың барлығы қаза тапты", – деді аймақ басшысы.
Камчаткада 31 тамызда жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағының қалдықтары табылды. Тікұшақтың сынықтары экипаж соңғы рет байланысқан жерден табылды. Құтқарушылар оқиға орнынан 18 адамның мәйітін тапты