Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты

Oinet.kz 29-08-2024 447

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі аяқталып, үкім шықты. Ол 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты бопсалау, бас бостандығынан айыру және озбырлық бабы бойынша сот процесі аяқталды. Судья Мартбек Кәкімжанов үкім шығарды.

«Сот үкімімен Сатыбалды Гүлмира Қауасқызы 126-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің «Бопсалау» бабы және 389-бабының 4-бөлігі «Өзөксіздік» бойынша – 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстырып, Сатыбалдыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша үкімдерді ішінара қосу арқылы мүлкі тәркіленіп, 12 бас бостандығынан айыру жазасы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеледі», -  деді судья Мәртпек Кәкімжанов үкімді оқып.

Сондай-ақ сот екінші сотталушы Мәди Батыршаевты 126-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айта кетсек, осыған дейін Гүлмира Сатыбалды сот отырысында денсаулығының нашарлауына байланысты соңғы сөзін айтудан бас тартқан болатын.

Таразда әйел адам отбасылық жанжалдан кейін көпірден секіріп кеткен
Тікұшақ апатынан 22 адам қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу