Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандар Жоғарғы сотқа шағым түсірді
Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сот шағымды қарауды 8 тамызыға белгілеген. Алайда кассациялық шағым туралы толық ақпарат қол жетімді емес.
2019 жылдың қаңтарында Арман Құдайбергенов Денис Тенді өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, максималды қауіпсіздік мекемесінде 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Істе екінші кінәлі Нұралы Қиясов максималды қауіпсіздік мекемесінде 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс бойынша Жанар Толыбаева да айыпталды. Ол орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бір жылдан кейін, ол 2019 жылдың желтоқсанында баласының болуы мен сырқатына байланысты қамаудан босатылды. Кейінірек ол колонияға оралып, 2021 жылдың желтоқсанында босатылды.
Еске салсақ, Денис Тенді өлтірді деп сотталғандардың жазасы жеңілдетілген болатын.