Тіл жанашыры Асылы Осман ауруханаға түсіп қалды
Ғалым, филолог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері Асылы Осман денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды. Асылы Осман Massaget.kz тілшісіне қазіргі жағдайы туралы, қай ауруханада ем қабылдап жатқаны туралы айтып берген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Коронавирус емес шығар. 2-3 күн үйде жөтеліп жатқан едім. Дәрігерлерім "короновирус өршіп жатыр, ауруханаға жатқызайық" деп қоймады. Қазір жақсымын, жөтелуді де қойдым. Бірақ түнде ұйықтай алмадым. Дәрігерлер жүрегімді тексеріп жатыр. Ем-домын қабылдап жатырмын. "Орталық клиникалық ауруханадамын", мұнда бәрі таза, жақсы. Бұйырса бейсенбі не жұма үйге шығатын шығармын", - деді ол.