«Күйеуі мәжбүрлесе, онда әйел хиджаб кисін»: ҚМДБ желіде тараған видеоға қатысты жауап берді (видео)
Желіде “күйеуі мәжбүрлесе, хиджаб кисін” деген екі әйелдің видеосы тарады. Олар жұбайдың дінге зорлағанын жақсылыққа балайды. Stan.kz тілшісі бұған қатысты ҚМДБ ұстанымы қандай екенін сұрап білге, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Арайлым Утепбергенова есімді блогерге желі қолданушылары “күйеуім хиджаб ки деп мәжбүрлейді, не істеймін?” сұрақ қойған. Оған олар “кисін” деп жауап берген.
“Мәжүрлесе, мәжбүрлі түрде кисін ендеше. Дінде зорлық жоқ, бірақ күйеуі айтқанға бағынуы керек. Бірақ “іш деп жатса, хиджабыңды шеш” деп жатса, ішпесін, шешпесін. Алайда “ки” десе кию керек, керісінше дінге зорлайтын күйеуі болғанына қуануы тиіс”, – дейді әйел.
Олар, сондай-ақ, ата-анаға бір ғана жағдайда қарсы шығуға болатынын айтады.
“Құранда ата-анаға қарсы шықпау керек, ата-анаға бағыну керек делінген. Алайда бір ғана себеппен қарсы шығуға болады. Егер Алланың қойған шарты мен бұйрықтарына қарсы шықса, қарсы пікір білдірсе, қарсылық танытуға болады”, – дейді олар.
ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Елбек Тасболатұлы бұл ойларға қатысты пікір білдіріп, дінде зорлық жоқ екенін айтты.
“Зайырлы елде өмір сүргендіктен, заң тұрғысынан біреу екінші кісіні дінге немесе дін үкімдеріне күштей алмайды. Ал дін жағынан күйеуі әйеліне "орамал – Алланың парызы" деп ескерту жасай алады, бірақ күштеп қысым көрсетіп орамал таққыза алмайды. Бұл мәселені жастар үйленбей тұрып өзара шешіп алу керек. Ал күйеуі әйелінің дін ұстанғанын кейін қаласа, әйелінің ерікті келісімі керек”, – деп мәлімдеді ҚМДБ өкілі.
Айтуынша, дәл солай ата-ана да қызына мәжбүрлі түрде дін үкімдерін орындата алмайды.
“Дінімізде қыз баласының балиғатқа толған соң орамал тағуы – шариғи парыз. Әке-шеше кейін дін ұстаса, балиғатқа толған қыздарына орамал парыз екенін ескерте алады, түсіндіреді, бірақ күш көрсетіп, баланың психикасына зиян жеткізіп, орамал таққызғаны дұрыс емес”, – деді Елбек Тасболатұлы.
@arai_nabi #рек#рек#рекомендации❤️ ♬ оригинальный звук - Арайлым Утепбергенова